BBCKazakh.com
 
 
Жаңартылған кезі: 05 Желтоқсан, 2005 - 15:55 GMT
 
Досыңа жібер Басып шығаруға ыңғайлы нұсқасы
Қызметіміздің тарихындағы басты кезеңдер
 
Би-би-си Дүниежүзілік қызметі
Би-би-си Дүниежүзілік Қызметінің Лондондағы офисі
Он жылға жуық уақыт бойы әлем жаңалықтарын қазақ тілінде жеткізіп тұрған Би-би-си Қазақ Қызметі өз хабарларын алғаш рет 1996 жылдың 6-маусымында тарата бастады.

Үш қазақстандық продюсерден құралған жаңа командамен бірге Алматы бюросы ашылып, тілшілер тобы құрастырылды. Олар қазақстандық жаңалықтарды ғана емес, Орта Азия мен Кавказ аймағындағы оқиғаларды да бақылап қамтыған.

Содан бергі уақытта Қазақ қызметі дүниежүзілік, әрі аймақтық жаңалықтарға сараптама мен түсіндірме беретін қазақстандағы санаулы ғана радио таратушылардың біріне айналды.

2002 жылдың қараша айында Би-би-си Қазақ Қызметі хабар таратуды бір жылға уақытша тоқтатады. Продюсерлер санының жетіспеушілігінен күніне үш рет шығып жүрген 5-минуттық жаңалықтар бағдармасы мен апта сайынғы "Көзқарас" хабары жабылып қалған.

Алайда 2003 жылы бұл мәселе шешіліп, Қазақ қызметі әуе толқынына жаңа форматпен қайта шықты. Жұмыс күндері шығып жүрген жарты сағаттық бағдарламаларды үш продюсер мен Алматы, Астана, Ташкент және Мәскеудегі тілшілер тобы дайындайтын болды.

Лондоннан беріліп жүрген хабарларды Қазақстан аумағында ғана емес, дүниежүзінің кез-келген нүктесінен интернет арқылы тыңдауға болатын.

2005 жылы Би-би-си Дүниежүзілік Қызметінің басшылығы ұйымның 2010 жылға дейінгі стратегиясын қалыптастыру шеңберінде жұмысын қайта қарастырудан өткізіп, өзге жоспарларымен қатар 10 тілде хабар таратып келген қызметтерді жабатынын жариялады.

Олар: болгар, харват, чех, грек, венгр, қазақ, поляк, словак, словен және тай қызметтері.

Дүниежүзілік Қызмет

Би-Би-Си Қазақ Қызметі

Дүниежүзілік қызметтің негізі 1932 жылы қаланған. 2006 жылға дейін 43 тілде хабар таратып жүрген Би-би-си Дүниежүзілік қызметінің 150 миллионнан көп тыңдаушысы бар.

Би-би-си Дүниежүзілік қызметінің ішкі құрылымы аймақ-аймаққа бөлінген. Қазақ Қызметі Орталық Азия және Кавказ бөлімінің құрамына кірген.

Орталық Азия және Кавказ аймағын қамтитын бөлімді құру қажеттілігі 90-шы жылдардың алғашқы жартысында туған.

Содан бері аймақтың саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерін зерттеп, сол жайлы хабар дайындау маңыздылығы күннен-күнге артып келеді.

Орталық Азия және Кавказ бөлімі қазір қырғыз, өзбек, әзірбайжан және орыс тілдерінде хабар таратады.

 
 
Өзге хабарлар
 
 
Досыңа жібер Басып шығаруға ыңғайлы нұсқасы
 
 
 
BBC Copyright Logo ^^ Басына оралу