BBCKazakh.com
 
 
Жаңартылған кезі: 05 Желтоқсан, 2005 - 17:14 GMT
 
Досыңа жібер Басып шығаруға ыңғайлы нұсқасы
Би-би-си Қазақ Қызметі жұмысын тоқтатты
 
Би-би-си Қазақ қызметінің веб-парақшасының адресі
Әлем тез өзгеріп барады. Би-би-си Дүниежүзілік қызметі сол өзгерістерден қалыс қалмауға тырысуда.

Теледидар мен интернет қызметтері кеңейіп отырған заманда Би-би-си өзінің радио қызметін қысқартып тастауды шешті.

Қысқартылатын қызметтердің көбі негізінен Шығыс Европа тілдерінде хабар таратып келген. Қалғандарының ішінде қазақ, тай және грек қызметтері бар.

Ұйым басшылығының айтуынша, осы елдердегі жағдай бүгінгі күні толығымен өзгеріп отырғандықтан, сонда хабар тарататын қызметтерді жапқан дұрыс болады.

Соның арқасында Би-би-си Дүниежүзілік қызметі араб тілінде жаңа теледидар ашып отыр.

Осы жаңа жоба іске сәтті асатын болса, онда араб тілінен кейін Иран мен Ауғанстанға арналған парсы тіліндегі телеарналар да ашылмақ.

Сондай-ақ, орыс, испан, португал, хинди және урду тілдерінде тележаңалықтар хабарлары да дүниеге келуі ықтимал.

Осыған орай жұмысын тоқтатып отырған Қазақ қызметі осы парақшаны пайдаланып, өзінің интернет мұрағатындағы кейбір қызық материалдарын ұсынып отыр.

 
 
Өзге хабарлар
 
 
Досыңа жібер Басып шығаруға ыңғайлы нұсқасы
 
 
 
BBC Copyright Logo ^^ Басына оралу